Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  146


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Өтедi күндер, өтедi...

Өтедi күндер, өтедi,
Өкпелеп маған қайтесiң.
Кетiлген көңiл кетеуi
Бүтiнделмей кетер ме екенсiң?
Жанымның жамап жыртығын
Бүтiндер едiм, сен жоқсың.
Көрiнiп қайғы күлкiлi,
Қуаныш болды немкеттi.
Жасарып жатыр бұл жалған,
Көктем кеп, көзi шық тұнып.
Көп ойлар алып шаужайдан
Мен ғана жүрмiн тып-тыныш.
Ой қуған жан ең сен де бiр,
Мен жайлы не деп ойлайсың?
Кезiмдi жүрген сенделiп
Көзiмнен ұғып қойғайсың.
Сезiмiм салқын, өрт - кеуде,
Сарсаңмен өтер әр таңым.
Жаныңды терең зерттеуге
Пенделiгiңнен қорқамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу