Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2022
153
Сағыныш
Алыстап кеттiң дегенiң бе екен,
Сағыммен неге бүркендiң?
Күдер үзбешi, келемiн, көкем,
Жете алмай жүрмiн, өртендiм.
Жырыммен жылу төкпеген күндi
Жаным-ау, сана бекерге.
Даланың ерке ақбөкенi сынды
Жолыңды кесiп өтем мен.
Түңiлдiрем деп әуре болмашы,
Қайтесiң, күйбең тiрлiгiм.
Өлеңiме иiп төрдегi басын
Перiште жебеп жүр бүгiн.
Төзiмдi жеген түнек те бiттi,
Жаныңа жетем ендi мен.
Жалғыз болғасын жүрек те тiптi
Сағынады екен, көр. мiне...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter