Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  105


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Өртендi неге өзегiм...

Өртендi неге өзегiм,
Өзiңсiз оймен көңiлдiң көлiн кеземiн.
Ешқашан қайтып оралмасыңды сеземiн.
Сезгенмен жаным, өзiңдi сүйген жүректi
Жеңе алмай әлi келемiн.
Өртенбе жүрек, қаласың босқа күл боп құр,
Өртiңдi басар көзiмнiң жасы жыр боп тұр.
Жаным-ау, қанша жаныма жара салғанмен
Айтуға аузым бармайды сөздi зiлдi, өткiр...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу