Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  172


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Еркем-ай менiң, сағынып кеттiм...

Еркем-ай менiң, сағынып кеттiм,
Жаныма келшi мөлдiреп.
Көзiнiң жасын тағынып көктiң
Қарайын саған елжiреп.
Сүйгенмен сенi жалбарынбадым,
Жаныма батты кей iсiң.
Көңiлiм қалған таңдағы хәлiм
Ақырзаман болды мен үшiн.
Сезiмдi сөйтiп жоғалтып алғам,
Қай жерде қалды, белгiсiз.
Жастық желiк пен балаң құмардан
Суыққа жеттiм төзгiсiз.
Салқынмын қазiр, суық көрiнем,
Саған да, жаным, амалсыз.
Адамшылықтың биік төрінен
Көзімнің жасы, тамарсыз…
Кешіргін, жаным, көңіліңе алма,
Аян ғой саған ар жағым.
Тәнімнің құрты мені жығарда
Жанымды қалғын, ардағым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу