Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  100


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Қаншама жыр сен жайлы қалықтаттым...

Қаншама жыр сен жайлы қалықтаттым,
Үңiлiп көрiп пе едiң анықтап бiр?
Мезi болған шығарсың сен өлеңнен
Ал мен сырымды айтудан жалықпаппын.
Жан емес ем кiнәмдi жатқа жауып,
Аппақ арын жүретiн ластап алып.
Менiң саған өкпем жоқ,
Адал доспын,
Саған деген сезiмiм аппақ әлi.
Кезiң болса хәл-жайың қиындаған,
Есiңе алып егiл де сиын маған.
Жаным болса сол сәтте жетем ұшып
Бақытыңды ап өзiңе бұйырмаған.
Өзiң едiң жаныма нұр ендiрген,
Ғұмыр кешiп өзгеше жүрем жырмен.
Бұл жалғанда жан барын бiлiп жүр тек
Бақытты болуыңды тiлеп жүрген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу