Өлеңдер ✍️

  13.05.2022
  105


Автор: Қазбек Құттымұратұлы

Қайталай берем сөзiмнiң несiн...

Қайталай берем сөзiмнiң несiн,
Мендегi жайды өзiң бiлесiң.
Таңым боп күнде оятасың да,
Айым боп түнде көз iлдiресiң..
Табынып жүрсiң бiр есiмге сен,
Мұңайдың, кiммен жүресiң десем.
Бiрақ та менiң жанымда саған
Махаббат барын бiлесiң бе сен?
Көзiме сұлу сүгiретiң кеп,
Сен үшiн талай жүгiретiн де ек.
Сүйгенмен сенi өлердей болып,
Айтуға соны құдiретiм жоқ..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу