Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.05.2022
157
Өзiңдi ойлап бiр ысып, бiр суып ем....
Өзiңдi ойлап бiр ысып, бiр суып ем,
Менiң нәзiк сырымды бiлдiң- дешi.
Қайтып жатқан құстардың сыңсуымен
Қарауытып түседi күздiң кешi.
Өзiң жақтан жамандық - жаушы күттiм,
Көз алдымда тырнаның тiзiлгенi.
Қарасуық тоңдырған талшыбықтың
Жапырағы тұр екен үзiлгелi.
Желбiрейдi дәл сенiң кекiлiңдей,
Соны еске алып қанша ойға жүздiң- дешi.
Өтiп кеткен көктемнiң өкiлiндей
Соңғы жапырағымды үздiрмешi...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter