Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
324
Мен өзіңді гүлге нәзік теңедім...
Мен өзіңді гүлге нәзік теңедім,
есейсем де сол ойда әлі келемін.
Бұл адамдар үмытшақ қой,
сен жайлы
Ай мен Күнге айтып кетсем деп едім.
Тау мен белге айтып кетсем деп едім,
бау мен желге айтып кетсем деп едім.
Өкіре аққан өзендерге ескертіп,
саумал көлге айтып кетсем деп едім.
Ақ таңдарға айтып кетсем деп едім,
шатқал, жарға айтып кетсем деп едім.
Өзің жайлы айтып-айтып болған соң,
келген ізбен қайтып кетсем деп едім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter