Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
165
![](/uploads/shorttexts/author_image/8a0df35a96c036a8f14f1197a56a5036.jpg)
Қызығым қол созды да ерте менің...
Қызығым қол созды да ерте менің,
жап-жастай жан балқыттым, еркеледім.
Жап-жастай жүрегімді жалын басты,
мен әлі сол жалыннан өртенемін.
Алқынып атады әлі алаулап таң,
ақ нұрын көкірегімде сан аунатқан.
Маздатып, махаббатын ту ғып ұстап,
қызулы күндерім бар жалаулатқан.
Сен бе едің бұл өмірден өтінгенім,
біргесің жарқыраған, о түндерім!
Сөнбеген планета секілденіп,
алысқа тарап жатыр отым менің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇