Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  209


Автор: Сабырхан Асанов

Барсаң менен басқаға

Халқың болып,
мен сені
хан көтерем төбеме!
Биік ұста еңсені,
төменге ойым көне ме.
«Жазған құлың» болайын,
не боп кетті бұл деме.
Жаным, сені ораймын,
үлде менен бүлдеге.
Ішпегенді ішкізем,
жемегенді жегізем.
Ел алдына түскізем,
кімнің жары дегізем.
Шашты талдап өр мейлі,
қызғанып та тұрар ел:
көргеніңді көрмейді,
жер бетінде бір әйел.
Дей көрме әсте уақытсыз –
шаттық келсе , жасқама.
...Болар едің бақытсыз,
барсаң менен басқаға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу