Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
188
Мен бұлбұлмын, білетін тек сайрауды...
Мен бұлбұлмын,
білетін тек сайрауды,
мен бір гүлмін,
білетін тек жайнауды.
Адамдардың арасында айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Мен бұлақпын,
қалмай жатқан қайда әні,
мен бір бақпын,
құшақ қана– жайғаны.
Адамдардың арасыңда айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Мен сәулемін,
туған жаңа айдағы,
тіршілікке түсер қырда, ойдағы.
Адамдардың арасында айлалы,
ажырату қиын маған пайданы.
Епсіз едім,
бетке салық етпеңдер,
ебіменен мұратына жеткендер.
орнына оның
менің тұла бойымда,
тұрған жоқ па толықсыған көк пен жер?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter