Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
187

Тиме, жаным, сен маған тиме, жаным..
Тиме, жаным,
сен маған тиме, жаным,
өзім– сыртта
болғанмен, үйде-жаным.
Айта білсең
мен әсем ән боламын,
тарта білсең,
құдыретті, күй боламын.
Тиме, жаным,
сен маған тиме, жаным.
Шолжаңдаған
жанымда ерке, күнім,
не боларын
ойлашы ертеңімнің.
Қызық-қызық
қып әркім айтып жүрер,
болашаққа баратын ертегімін.
Күнде өртенсем
шілде боп, тамыз болып,
түнде түсем
әлемге таң– із болып.
Тауға– тасқа,
далаға, өзен, көлге,
тарап кетем
таусылмас аңыз болып.
Нұрдан шапан
үстіме киіп алып,
мәңгілікке
қол берем жиі барып.
Сонда тасып,
төгіліп, шашылсам мен,
сен жүресің
қасымда жиып алып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇