Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
110
Түсінетін екеуміз бір тілменен...
Түсінетін екеуміз бір тілменен,
сөйлесуші ек кезде бақыт гүлдеген.
Сол бір кездің құйындатып өтерін,
бітерін де қалай ғана білмегем.
Сен мен үшін басқалардан дарасың,
жанды ерітер жалт етіп бір қарасың.
Ұмыттың ба біздерге ортақ сол тілді
түсінбейтін болып мені барасың.
Жағаласып жас күнде біз жалықпай,
араласып кетуші едік жарықтай.
Бұл күндері тұрмыз үнсіз томсарып,
тілмәші жоқ бөтен екі халықтай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter