Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  132


Автор: Сабырхан Асанов

Тылсым түндер қолдан ұстап жетектеп.

Тылсым түндер қолдан ұстап жетектеп,
кідіртпейді қырда, не бір етекте.
Шолпан– қыз-ау,
шолпан жұлдыз туғанда,
сен қасыма оңашалап жет ептеп.
Кім ойлайды жұлдыздармен бір жүрсек,
бұл өмірді біздер тастап кетед деп.
Кете алмаймыз,
Кете алмаймыз, кетпейміз.
Болашаққа бірге олармен беттейміз,
қала берсін соңымызда созылып,
жаздар, күздер– біз қанағат етпейміз.
Жұлдызды аспан астында әр кез табыссақ,
жұлдыз жеткен жерге неге жетпейміз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу