Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
115
Атақ
Атақ десе, алдарына жан салмай,
жүгіреді күндіз
-түні қанша адам.
Арналады соған кештер аңсардай,
арналады армандардай таң соған.
Бір-біріне сөз айтады оқтай ғып,
Бірін-бірі сәудегердей сатады.
Есесіне,сорлы атақты доптай ғып,
бір-бірінен қағып кетіп жатады.
Бір-біріне қамқор болып, дос ойлап,
бір-бірінің елемейді жайын көп.
Алғандары гүл-гүл жайнап, масайрап,
қалғандары өлуге де дайын боп...
Құлай кетпей,
кім тұрмақшы жолында,
атақ, атақ,
сен бөлексің, ерексің.
Кете берме пысықтардың қолында,
біз секілді момынға да керексің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter