Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
155

Қайта -қайта қарайсың кеп айнаға...
Қайта-қайта қарайсың кеп айнаға,
қып-қызыл боп қан бояудан ерінің.
Сен біреудің жары болсаң жайнаған,
мен де өзіңнен асқанның ерімін.
Бір ошақтың қамын ойлап толғанса,
басады кім басқа-басқа іздерді.
Жарым арлы,
жарым аппақ болған соң,
бұл құдай да бақытты етті біздерді.
Қаншама рет гүлге оранып құшағы,
қызға толды,
ұлға толды етегі.
немерелер шулап келіп құшады,
бізге сол-ақ,
бізге сол-ақ жетеді..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇