Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
259
Тағы да Шымкентте таң атырдым....
Тағы да Шымкентте таң атырдым,
оянды құс ұйқылы қала, құрбым:
кеудесін керген кербез Алатаумен
біз тұрдық арасында дана қырдың.
Тағы да кірпігіме тамшы ап тұрдым,
шық болып гүл үстінде самсап тұрдым.
Тағы да арман қала– Алматы мен
өзіңді қоса бірге аңсап тұрдым.
Қашаннан кеткен менде ерік ойдан,
сондықтан бір атымды сері қойған.
Күтер-ау күтсе Алматым күнде мені,
көп күтіп үйренбеген сені қайдам...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter