Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
138
Сен емес пе ең жүрегімнің сенгені...
Сен емес пе ең жүрегімнің сенгені,
таңда туар жұлдызға сол теңгеріп.
Секілді бір тұрып қалған жайың бар,
Сүйе жаздап,
сүйе жаздап сен мені.
Болмадым ба бола жаздап арманың,
көтердің бе әр қилы ойдың салмағын.
Ал, мен болсам, күйіп кеттім бір жола,
күйе жаздап,
күйе жаздап қалмадым..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter