Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
114
Қаламда, мынау даламда...
Қаламда,
мынау даламда,
шетсіз де шексіз ғаламда,
өнеді қанша адамдар,
өледі қанша адамдар.
Түскендей түнек батқанда ай,
кеудемде зіл бар батпандай;
қайтқан сол жандар маған бір,
қапа боп бара жатқандай.
Шулап бір жатса елді аймақ,
отырмын бәрін енді ойлап;
көбісінің көңілін
қалдырыппын мен бейбақ..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter