Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
155
Жүрегі арса -арса асқар таулар – айдаһардың азуы ма...
Жүрегі арса-арса асқар таулар
айдаһардың азуы ма,
Көктегі шимай-шимай жұлдыздар
Аллаһтың жазып кеткен жазуы ма.
Күн ерітпес жүректі ерітті ғой,
қартаң тартқан қалқам-ау назың мына.
Оты қандай күшті еді, қуатты еді,
сүйген соң ба жан-тәнмен құлап мені.
Жаутаң, қағып жаныңа бара берем,
жандай болып қалған бір жырақта елі.
Шашым аппақ болғанмен, баладаймын,
қалар қаһар аулақта, қалады айбын.
қалт-құлт етіп кеп қалған кәріліктен
мен өзіңе тығылып паналаймын..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter