Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
211
Селт етпейді ақыл -ой...
Селт етпейді ақыл-ой,
селт етпейді жүрегім,
Бұрын елең ететін
елгезектің бірі едім.
Біткені ме, құдай-ау,
қызықтардың мен көрер,
көп сияқты еді ғой,
қалауым да тілегім.
Бүлк етпейді ішім де
бұзып сыртқы кескінді,
алыстарға көз тігіп,
аңсамаймын ешкімді.
Қыр басында қураған,
кәрі ағаштай қақайып,
мен өткізіп жатырмын,
дәурен деген бес күнді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter