Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  118


Автор: Сабырхан Асанов

Келіп -ақ еді достарым...

Келіп-ақ еді достарым,
достаса алмай– басты мұң.
Сенімен ұзақ қоштастым,
қоштастым қимай жас күнім.
Құмар ем жасыл көктемге,
гүлдерін теріп күн ұзын,
тастап бір мені кеткенде,
шықты ма сенің мүйізің.
Көп сырластырмай құрбыммен,
өттің де кеттің асығыс.
Тауларға ұқсап тұрмын мен,
етегі – көктем, басы– қыс..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу