Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  138


Автор: Сабырхан Асанов

Ағады тау өзені айқай салып...

Ағады тау өзені айқай салып,
таң қалып басын көктен шайқаса бұлт.
Бір өлең көкірегіме күркіреп кеп,
деп тұрам: ал, кәнеки, байқасалық!
Көрмедім тау өзені тасуын жай,
бұрқырар жақсылардың ашуындай.
Тырп етпей тұрар қарап шырқау шыңдар,
айтылған ағалардың басуындай.
Аға бер,
асау өзен, әлің барда,
бекерден бекер бұл жұрт жалындар ма.
Қуатым менің– күндей қызу өмір,
бақытың сенің– бітпес қалың қарда.
Ағып қал,асау өзен, әлің барда!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу