Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
142
Ағаштар да адамдардай екен -ау...
Ағаштар да адамдардай екен-ау
қар басқанға қалыпты сәл мұңайып.
Жақсы күнін жазғы– медет етеді-ау,
қысқа мына тағатындай мың айып.
Қатуланып қарау да жоқ жасқанбай,
естілмейді ерегіскен ұрысы.
Тарқамайтын қайғы иығын басқандай,
ұнамды бірақ сұлық тұрысы.
Тапса қайрат талмай, тынбай тіресер,
кім оларға деген енді жақ ашпа...
Күлімдейтін күні үшін күресер,
адамдардай болу қайда ағашқа?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter