Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
130
Ей, жұлдыздар, мен сендерге ғашықпын...
Ей, жұлдыздар, мен сендерге ғашықпын,
көздеріңді тұрсаң бәрің ашып тым.
Күндіз дейтін күндей жарық әлемнен,
өздеріңе асықтым.
Жатасындар жусап көктің бетінде,
бірің– жақын,
бірің– қиыр шетіңде.
Емес әсте самалды түн пейіш– түн,
берекемді кетірген.
Көкірегім, мейлі, аздап мұңданса,
тұрам солай ойға батып тым қанша.
Таң алдында таңғалдырып әлемді,
Шолпан жұлдыз туғанша.
Ей, көктегі миллион жұлдыз, мың жұлдыз,
десек тағы барлығымыз бір жүрміз,
әлге дейін мына менің өзімді,
жылатады,
жұбатады бір жұлдыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter