Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.05.2022
123
Шашым аппақ, өйткені жаным аппақ...
Шашым аппақ,
өйткені жаным аппақ,
аппақ жандар алаулап жалын атпақ.
Жапырақпен шашымды жасырайын,
келші жаным, қысылмай қалың баққа.
Кұлпырайын көркіңнен күндіздей боп,
көрінші бір жарқырап күндізгі ай боп
жапырақтар жайқалса,
арасынан
екі көзім жайнасын жұлдыздай боп.
Өліп-өшем,
өртенем әлі бүгін,
әрі бағым болар бұл, әрі мұңым.
Жасыл бақта жолықсақ жарқ-жұрқ еткен,
кетер ме екен білінбей кәрілігім,
кетер ме екен білінбей кәрілігің..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter