Өлеңдер ✍️

  12.05.2022
  139


Автор: Сабырхан Асанов

Жақсы жанның бәрі – досы, бауыры..

Жақсы жанның бәрі– досы, бауыры,
Уәлиев Қадырбектің ауылы.
Бұл– ауылы Қадырбектің аңқылдақ,
қырау қыста ұшар қарға қарқылдап.
Тауларда қонса қыран саңқылдап,
етек жақта елеңдейді шал тыңдап.
Поездары өтсе ырсылдап, арсылдап,
көпірлері көтереді тарсылдап.
Келіншегі сөзден ұтса қалжыңдап,
жігіттері қарта ойнайды қаржыңды ап.
Бірі – үнсіз,
бірі– арбадай салдырап,
ақса өзендер,
жағасында қалғыр бақ.
Келмегендей хабар қашық қалқадан,
бұлттары жауа алмастан тарқаған.
Секілденіп жанған еңбек жалауы,
заводтардың желпілдесе алауы,
Көңіліме салды бір күй, салды ырғақ...
Дейді мұны, дейді, досым, Жамбыл жақ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу