11.05.2022
  382


Автор: Жібек Ысқақова

Туған күніңмен көршім

Құтты болсын туған күнің бүгінгі,
Бар жақсыны бір өзіңе арнаймын.
Жастан жасқа амандықта жете бер,
Әрбір күнің сәтті боп тек балдайын.

Жанарыңда қайғы-мұңың болмасын,
Қуанышқа толы болып әр күнің.
Туған күнің шаттығымен тербелеп,
Жақсылықтың сыйлай берсін барлығын.

Денсаулығың мықты болсын әрқашан,
Армандарың орындалып жоқ уайым.
Жаратқаным жар боп саған қашанда,
Ортамызда жүрші аман әрдайым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу