11.05.2022
  1074


Автор: Жібек Ысқақова

Көршіме туған күнге тілек

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,
Амандықта ортамызда жүріңіз.
Жаратқаным жар боп сізге қашанда,
Сәттілікте өтсін әрбір күніңіз...

Арайлы таң қуанышын сыйласын,
Бар жақсысын өзіңізге жинасын.
Көңліңізде жайма шуақ жаз орнап,
Жаратқаным қуаныштан тыймасын.

Деніңіз сау, жастан жасқа жетіңіз,
Асулардан еш қиынсыз өтіңіз.
Арманыңыз, мақсатыңыз орналып,
Болмасыншы іштей қайғы-дертіңіз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу