Өлеңдер ✍️

  11.05.2022
  169


Автор: Қаршыға Есімсейітова

Ақ күмістер зергер көктен төгіліп...

Ақ күмістер зергер көктен төгіліп,
Мен келемін, таңғы нұрға малынып.
Ағаш біткен өрнектейін өріліп,
Тұра қалған ақ моншақтар тағынып.
Алақанда әппақ– нұр тамшылайды,
Шабыт-жыр да жанымды қамшылайды.
Ақ тұманның ішінде... жалғастырған,
Аспан мен Жер арасын жарты қайғы.
Ақ тұманда Елеске сыр бөлемін,
Іздеп сені адасып жыр-өлеңім
Тіршіліктің таусылмас тауқыметі,
Сарсаң күнде сарғайып мың өлемін...
Ақ тұманда адасып мен келемін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу