Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.05.2022
169
Жылжиды уақыт мыстаның...
Жылжиды уақыт мыстаның,
Көңілдің көгін ыстадың.
Тонап-ап, жастық, нұрымды,
Тәуелді бол деп, қыстадың.
Осалдау жерден ұстадың,
Шарықтап мен де ұшпадым,
Идің бе өмір тезіңде,
Көрігі болып ұстаның?
Уақытпен бірге жарысып,
Өмір сүрем алысып,
Ең қымбат кезең Өзіңмен,
Жарасып едім, табысып.
Сезімге іңкәр бойламай,
Сүңгідім, қауіп ойламай,
Сағыну, күту жазғаны,
Шаттығым қалды тойланбай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter