Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  165


Автор: Жүрсін Ерман

Ажалдың барын ал да еске

Ажалдың барын ал да еске,
Қосыла берме дүрмекке.
Өзіңді өзің әлпеште,
Өзіңді өзің құрметте!
Тіршілік
- емес мәңгі сый,
Сыйласу ғана басты бақ.
Өзіңді сүйген жарды сүй,
Сөзіңді ұғар досты тап.
Сырыңды берме сыртыңа,
Қадірің кетсе масқара.
Өкпелей берме жұртыңа,
Өзеурей берме досқа да.
Көрінсе көңіл жыртығы,
Қамықсаң қамық.
Көне біл.
Шашылып қалсаң бір күні
Шаңыңды қағар жел
– өмір?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу