Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  494


Автор: Гүлбақыт Қасен

Білім ордасы

Жетісу жері – өлкесі өшпес өнердің,
Ілияс ақын өрнегін салған өлеңнің.
Университет – білім мен ғылым ордасы,
Тағылым алып, шапағат нұрға бөлендім.
Есімін алған кемеңгер Ұлы ақынның,
Кәусар бұлағы, көзісің білім, ақылдың.
Білім ордасы мамандық беріп жастарға,
Ұл-қызды баулып, тәлім алуға шақырдың.
Жастарға жігер беретін нұрлы қуат бар,
Ғылым кемесі білім теңізде тұрақтар.
Білім ордасы тарихтың сырын ашатын,
Мәңгілік ағар, сарқылмас сенде бұлақ бар.
Біліммен бірге өмірдің көші басталған,
Атаққа лайық болу бақытым, басты арман.
Білім ордасы, ақталсын күткен зор үміт,
Жарқын болашақ, кемел келешек жастардан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу