Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
196
Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау,
Құдіретті үн бе едің?
Естелігі оқушылық күндердің.
Сыңғырлашы,
сыңғырлашы тағы да,
Құлағыма сағынышты үн келді.
Соңғы қоңырау,
Сенде үміт, арман бар,
Қарсы алып ең мектепке алғаш барғанда.
Ашып бердің үлкен өмір есігін,
Ерекше үнің жанды баурап алғанда.
Соңғы қоңырау,
Құдіретті сөз бе едің?
Алмастырмас сені ешбір өзге үн.
Үзіліске шығарыпсың ең ұзақ,
Қанат қағып ұшарымды сезбедім.
Соңғы қоңырау,
Құдіретті үн бе едің?
Естелігі оқушылық күндердің.
Соңғы қоңырау –
жаңа өмірдің бастауы!
Қуат алып, түлеп ұшқан жас қауым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter