Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
132
Жарқын елдің ақынысыз
Жарқын елдің Ақынысыз бағы бар,
Жырларыңыз тұмар болып тағылар.
Қыран құстай көкке қарай самғаңыз,
Қанатыңыз болып жүрем қағылар.
Жыр кәдені мұра етіп сақтайтын,
Жұртыңыз бар ерлерін шын мақтайтын.
Ана тілдің Айбыны боп жүріңіз,
Көмекшіңіз болам сенім ақтайтын.
Сын-сағатта тек биікте тұрыңыз,
Жақсы іске бар көңілді бұрыңыз.
Күндей ыстық шуағыңыз шашылсын,
Мен болайын әдемі бір нұрыңыз.
Сізге арнар тілегім мол толайым,
Жыр көгіне аққу болып қонайын.
Үйретіңіз әліппе-жыр Ұстаз боп,
Тәлім алар шәкіртіңіз болайын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter