Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
150
Шынайы тілек
Күлімдеп тұрар,
«Күнім» деп тұрар үнемі,
Ізгілік пенен мейірге толы жүрегі.
Ақ, адал ниет танытып әркез баршаға
Жақсы бір істің бастауы болып жүреді.
Баласы болған,
Ағасы болған елінің,
Туын көтерген биік намыс пен сенімнің.
Өршіл парасат өлшемі болған ісінің,
Танытып жүрер қайдан шыққанын тегінің.
Әлемі бөлек,
Сәлемі бөлек басқадай,
Елдің ағасы көрінер биік асқардай.
Бала тәрізді, көңілі күндей ашылар,
Жайдары мінез, танытар ойын жасқанбай.
Талабы басқа,
Арманы асқақ болатын,
Ақылы әркез көкейге келіп қонатын.
Нұры тасысын, жолы ашық жақсы жандардың,
Шынайы тілек айтылса көңіл толатын.
Ары деп білер,
Бары деп білер қазағын,
Өнеге іспен үлгі еткен өмір базарын.
Тәрбие берер, тілекші болған Ағаға
Арналған жырды ана тілімде жазамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter