Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  174


Автор: Гүлбақыт Қасен

Шын жүректен

Шын жүректен жазылатын жырлар бар,
Арқау болар ойы ай менен жылдарға,
Шын жүректен айтылатын тілек бар,
Сағынышпен үн қосатын жүрек бар.
Шын жүректен ақ тілегін арнаған,
Қамқор болған өзің барсың, жан анам!
Шын жүректен дұға еткен әр кешін,
Асқар тауым өзің барсың, әкешім!
Шын жүректен сағынатын ғашығын,
Бұл өмірде өзің барсың, асылым!
Шын жүректен сәлем жолдар таңертең,
Қуантатын өзің барсың, жан еркем!
Шын жүректен мені күтіп алатын,
Асыл қалқам, өзің барсың, қанатым!
Шын жүректен аялайтын күні-түн,
Үзілмеген өзің барсың, үмітім!
Шын жүректен бақытымды тілеген,
Өзің барсың, өзің барсың білем мен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу