Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
150
Жүрегімнің төріндесің
Тағам қалай өмірге сын,
Еншім болып бөлінгенсің.
Бірге жүру жазбағанмен,
Жүрегімнің төріндесің.
Жүрегімнің төріндесің,
Өмірімнің өріндесің.
Күн шықты ма деп қаламын,
Сенің төбең көрінгесін.
Жүрегімнің төріндесің,
Әрқашанда көңілдесің.
Ай туды ма деп қаламын,
Сенің жүзің көрінгесін.
Айдын шалқар көлімдесің,
Таңғажайып өмірдесің.
Сағынышпен әлдилейтін,
Жүрегімнің төріндесің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter