Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  151


Автор: Гүлбақыт Қасен

Бес қызымыз бір үйдің

Бәріміз де бір-бір үйдің гүліміз,
Неге іздейміз бірімізді біріміз?
Түсінетін шығар мұны тек жүрек,
Түсінбейміз мұны біз!
Шаңырақтың отын жақтық әр бөлек,
Үйімізде отағасы, бар бөбек.
Бір анадан туған соң ба әйтеуір,
Әлдилейтін ән керек!
Бес саусақтай бес қызымыз бір үйдің,
Ата-анадай мына бізді сүйді кім?
Балалық шақ бір ұядан ұшырған,
Сағынамыз бір күйді!
Көрікті еткен бұрымымыз он өрім,
Бойға жидық қазағымның өнерін.
Аңсап жүрміз әкеміздің ақылын,
Анамыздың өлеңін!
Қанша алыс болса дағы арамыз,
Сағынғанда құстай ұшып барамыз.
Туған жердің түлегіміз бас иер,
Ата-анаға баламыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу