Өлеңдер ✍️

  10.05.2022
  138


Автор: Гүлбақыт Қасен

Бақытты ана

Тынбай сүйреп жанұяның кемесін,
Толқындардан қорғап, Ана, келесің.
Таусылмайтын қайратың бар жігермен,
Тәңір Алла қуат берсін, демесін.
Бақытты ана,
бағың гүлдеп жайқалған,
Бейнет түбі зейнет болып байқалған.
Бар тауқымет қуанышқа айналып,
Бесік жырмен тербетілді айтар ән.
Ұл-қызыңыз бір-бір төбе көрінген,
Шөберелер орын алған төріңнен.
Жүрек бірге, сағынғанда ойласаң,
Ойың онға, санаң санға бөлінген.
Бақытты ана,
берекеңіз тасыған,
Ақылыңыз көкейде зер басылған.
Аман-есен ортамызда жүріңіз,
Ғұмырыңыз асса екен ғасырдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу