Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
10.05.2022
264

Абай елі
Абай елі – қазақ елі, жыр елі,
Өлең-жырға толы оның жүрегі.
Ақындықтың пайғамбары ұлы Абай,
Әрбір пенде мұны жақсы біледі.
Абай елі – қазақ елі, ән елі,
Тамаша әнмен ырғалады дәнегі.
Абай салған «Айттым сәлем, Қаламқас»,
Үкілі әуен қыз-бозбала сәні еді.
Абай елі – қазақ елі, күй елі,
Менің елім өнерге бас иеді.
Құлақ түрген Абай нағыз дарынға,
Бабам сүйген күйді елім сүйеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇