Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  186


Автор: Сабыр Адай

Қонақ бол, жаным елдесіп

Шуағын шашты күн-нұрлы,
Күнге арнадым бұл жырды.
Төбемнен менің аударма,
Төрт құбыла нұрлымды.
Жанымның жайлап еңісін,
Өңкей сырлы келісім.
Кербездеп мінген тұлпардай,
Бұл да бір менің жеңісім!
Шашылған шашу күлкіміз,
Шарайна көңіл жұртымыз.
Əн салып əлай гүл терген,
Ат басын бізге іркіңіз!
Қонақ бол, жаным елдесіп,
Терезем бірге тең десіп.
Дөдегелі-ай ақ орда,
Дөңгелеп ашар ерге есік.
Күмістей көркем жан-күнім,
Əр тамшы сəулең əн бүгін.
Жүрегім менің – жыр сандық,
Сандығымда бар жырым!
Жарық күн жанның бал-нəрі,
Жан Аллам бізге жалғады.
Атқан таң менен ақ сəуле,
Жүректің бар ма арманы.
Шашылғын сəуле, шашылғын!
Ақ күнім гүл боп ашылғын.
Тəуелсіз елдің ұлымын!
Тəңірім сүйген асылмын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу