Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
127
Де-Мо, Ағам - санырау
Мен – соқырмын, демократия – саңырау!..
Осы екеуі тілдесеме ал,қалай?
Түсінбедім, ақын едік балғадай.
Бас изейді саңырау,
Соқыр жан да қалбағай.
Соқыр жылап,
Ия, саңырау қарады.
Бітістірмек кімдер келіп араны.
Соқыр соқты ашумен,
Саңырау қашып барады.
Солай міне ,
Менің өзім соқырмын,
Соқыр жанның жағар енді отын кім?
Де-мо.. ағам – саңырау,
Қайдан тауып қосылдым?!
Осы екеуі тілдесеме ал, қалай!?
Түсінбедім!..
Ақын едік балғадай.
Бұрын бəрі: «баласы еді» – Лениннің,
Кетті өзгеріп... Сонау... Сонау... Сосын,
Со-о-ноо-оу Шал қалай!?..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter