Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
136
Шырылдап бір бозторғай
Білмеймін өлең зарлы, неден мұңы.
Бүгінгі біздің қалам –
Біле-білсең:
Кешегі шалдарымның берен жыры.
Қан езу қарсақ күнің –
Алдап күліп.
Шырылдап бір бозторғай
Барады ұшып,
Шындығын дүниенің балдақ қылып.
* * *
Көкті қарға, тауды құзғын иелеп,
Қыран байғұс орын таппай жөнелді.
Қыран құсты жатушы еді кие деп,
Кие болды, содан енді не көрді!?
Тұмсығына киіз қаптап құсбегі,
Бақа-шаян беріп еді асады.
Əзер жүрген бір қоянға түс деді.
Амалы жоқ арзан қылық жасады.
Қоян өлді бұл неткенің қыран деп,
Қыран өлді ит пен құсқа мазақ боп.
Бір тасбақа бұл неғылған шыдам деп,
Ол да өлді арсыздықтан азат боп.
Соның бəрін көрдің, бірақ көрмедің,
Өз бейнеңе орын жоқ.
Көкке қарға, тауға құзғын төрледі,
Əу басында жаратылған сорым боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter