Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
125
Аспанның пірі
Торғынменен тоқыған, алтыннан зері көмкерген,
Толықсыған ай көрдім, ажары шоқтай өртенген.
Шолпан жұлдыз шомылды, нұрдан ішіп балқыды,
Бақ торыды жолымды, қиялым көкке қалқыды.
Туған айды көрерге ту байладым ертесі,
Иіле туды ай күліп, шат-шадыман жер төсі.
Аталық аспан ана тұс, аналық далам мерейлі,
Айырмай сүйді бесіктеп бай менен жарлы, кедейді.
Шырағын жағып сəулелі түн дидарын өптірді,
Қол жетер жерде тамшылап жұлдыз біткен көп тұрды.
Жүрекке жазу қалдырды сорғалап аққан моншағы,
Бадана көзді жұлдыздар қорғалап айды қоршады.
Аспанның Пірі – шыққан Күн, бозарып атқан таң-дағы.
Ай жөнелді, түн де жоқ, жұлдыздың бірі қалмады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter