Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
196

Төлсіз қалды
Жаз шықтыма, күз келді ме бəрі бір,
Ала шаңдақ сол баяғы кəрі қыр.
Қара бура қарын қамын күйттеген,
Келе ішінде кекіреңдеп əлі жүр.
Бура кəрі, түйе біткен қысыр-ды,
Құдай сірə, алмай қойды жұтырды.
Жас бураға жол бермейді антұрған:
«Менен өзге кімің бар» – деп құтырды.
Ертең! ..Ертең! ..Келер күнге елеңдеп,
Ауыл едік оңбай таяқ жеген көп.
Түйелерде ақымақ қой шетінен,
Қарт бураға төлсіз қалды сенем деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇