Өлеңдер ✍️
Үміт - хақтың шырағы
Үміт – Хақтың шырағы
Сəулелі шақ, нұрлы күн.
Үміт – көктің бұлағы,
Біліп жатыр кім құнын.
Үміт – соңғы өмірің
Ең алғашқы талпыныс.
Не тілемес көңілің
Жасампаз ел, жарқын іс.
Зиялының үміті
Қайырлыға тап келсін.
Мыңға ырыс бір ісі
Үміттіге бақ берсін.
Имандының үміті
Адамзаттың қазығы.
Жүрегінің тынысы
Ақыл-ойдың азығы.
Ең соңынан өледі
Ең бірінші туылып.
Ең соңынан сөнеді
Тұғырыңа ту іліп.
Жанарыңды соңғы рет
Сол ашады жарыққа.
Хабарыңды соңғы рет
Сол береді табытқа.
Үміт, үміт, үміт пен
Күн кешеміз мəндірек.
Үміті өлген жігіттен
Құмырсқа да əлдірек.
* * *
Жер бетінде соңғы қазақ өлгенше
Қазақстан сүйенеді біздерге!
Қош, аман бол, көргенше,
Көмек күттік Сізден де.
Қайыры мол, қанағатшыл алашым!
Сен есіңнен тастама.
Жан-жүрекке жарасады жарасым,
Армысыңыз Астана!
Төзім – төрде, еңбек елге бұйырса
Иман гүлдеп, қауыз жарсын бас қала!
Жарыққа ұмтыл жаныңменен жасқанба!
Мен өлеңмін – құрбанмын!
Лапылдап өт, жанартау боп бастал да.
Өз ұлтына ие болған ұлдардың ,
Тəңір алды жүзі жарқын махшарда.
Иесіз ел, киесіз жұрт жоқ болды,
Өлтіргесін санасын.
Жамырасаң – жан сазайың оқ болды,
Бір қыла гөр қазағымның баласын,
Бірлік кетіп басым қанша доп болды.!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter