Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  157


Автор: Сабыр Адай

Құдай сүйіп жаратқан

Мен білмедім найзағай ма, жасын ба?
Неде болса жанартау жыр басылма!
Аспан жатыр көкіректің ішінде,
Дастан жатыр жүрегімнің басында.
Біздің өлең гүл шырыны балдай ма?
Шырын ішсең сусамыр шөл қанбай ма?
Ақындарды құдай сүйіп жаратқан,
Хақ сүймесе жыр салама таңдайға!?
Көп тілегі – көктегі күн сөнбейді.
Көкке қарап күннен-күнге өрлейді.
Өлең-жыр мен салт-дəстүрден нəр алған,
Халал халық шапсаңдағы өлмейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу