Өлеңдер ✍️

  09.05.2022
  135


Автор: Сабыр Адай

Өзін іздеп ғайыптан

Тыным бермей жүрек деген қасқаға,
Таңырқайсың үнсіз қара тасқа да.
Өзіңді-өзің өзге жаннан тапқан күн
Ғашық болдым деп келесің басқаға.
Пенде байғұс өзін іздеп өзгеден,
Өзін бір сəт мойындауды көздеген.
Ғашықтықта өзіңді іздеу ғайыптан
Сезімменен, төзімменен, сөз бенен.
Таусылмайтын кіл сағыныш, ғұмыр əн.
Сəуле сезім, бір Алланың нұры жан.
Бақыттымын деп айтады ғашықтар
Өзін тауып өмір сүрген жұбынан.
Бұл көңілді қалт жібермей байқаған,
Қанша ару от сезіммен шайқаған.
Дəл өзіне жасап алар ұқсатып
Сүйген жүрек сүйіктісін қайтадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу