Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2022
159
Көк серке
Кіл жалпылдақ жапатайы бүріскен,
Ырду-дырду күн өткізді күліспен.
Мақтау іздеп мардияды қожайын
Көз алдаған болар-болмас бір істен.
Мың өзгертіп сатқын сарбаз түр-түсін,
Жалған күліп көрсетіп-ақ тұр тісін.
Жағымпаздар – алтын арқау, күміс тін,
Соның бəрі қызық енді жұрт үшін.
Қалмасын деп ойындары осылып,
Жауда бір сəт би билейді қосылып.
Кейде сосын терезеге телміріп
Ақыл-естен отырады тосылып.
Лауазымдар иелейді төр үйді,
Қошқар мүйіз, өңкей жайсаң, көп игі.
Сақалдары сауыс-сауыс көп серке,
Көк Серкеге жағымталсып мөлиді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter